Атырау, 6 қазан 20:58
 ашықВ Атырау +11
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

800 млн жиналып қалды

1 955 просмотра

Қаржы полициясы салық төлеуден жалтару фактісі бойынша «ТөбеАралОйл» ЖШС мен «Шлюмберже Лоджелко Инк.» компаниясының лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық істі тергеуде.

Атырау облыстық экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті жетекшісінің орынбасары Қуаныш ІЗЖАНОВТЫҢ айтуынша, кейбір «алғыр»кәсіпкерлер өз қызметінің шығындарын көбейту үшін жалған келісімдер жасап, осылайша салық төлеуден жалтарады екен. Қаржы полициясының болжамы бойынша, бұл сызбаны 121 млн теңге сомасында салық төлеуден жалтарды деп айыпталып отырған «ТөбеАралОйл» ЖШС мен «Шлюмберже Лоджелко Инк.» (688 млн теңге) компаниясы қолданған. Бұл - 2010-2012 жылдар аралығында «жиналған» цифрлар.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

2 мамыр 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.