Атырау, 27 қараша 07:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Атырауға Тайван делегациясы келді

875 просмотра

Кездесу өңірлік Кәсіпкерлер палатасының алаңында өтті. Бұл туралы оның  баспасөз қызметі мәлім етті. Делегация құрамында Алматы қаласындағы «TAITRA» Тайван сауда орталығы өкілдігінің директоры Моника ПЕН және «Giantlok Co. Ltd Taiwan» компаниясының өкілі Джозеф Чан бар.

Кездесу барысында Моника Чан «TAITRA» Тайвань сауда орталығының өкілдігі Қазақстанда 20 жылдан астам жұмыс істеп келе жатқанын айтты. Оның негізгі міндеті - екі елдің кәсіпорындары арасындағы бизнес-қатынастарды дамыту. Аталған сауда орталығының бас кеңсесі Тайбэй қаласында орналасқан. Әлем бойынша ол орталықтың 62 өкілдігі бар.

- Біздің сапарымыздың негізгі мақсаты - Атырау мен Тайван бизнес-топтары арасында екіжақты өзара тиімді ынтымақтастық орнату. Біз сіздермен алғаш рет кездесудің нәтижесінде өзара іс-қимылдың негізгі бағыттары айқындалады деп үміттенеміз және оларды болашақта нақты пысықтайтын боламыз. Өздеріңіз білетіндей біздің еліміз IT-технологиялар, электр жабдықтарын өндіру, машина жасау саласында озық болып табылады және тұтастай алғанда біз ынтымақтастықтың барлық салаларын қарастыруға дайынбыз. Егер қандай да белгілі бір сала қызықтырса, біз Тайванның бейінді компанияларының тізімін ұсынамыз және байланыс орнатуға көмектесуге дайынбыз, - деді Моника Пен.

«Giantlok Co. Ltd Taiwan» компаниясының өкілі Джозеф Чан өз компаниясының қызметі туралы айтып, олар шығаратын өнімдердің үлгілерін көрнекі түрде көрсетті.

Өз кезегінде жергілікті кәсіпкерлер Тайван делегациясының өкілдеріне өздерін қызықтырған сұрақты қойып, өз ұсыныстарын айтты. Осы тұрғыда «Жұмағалиев» ШҚ басшысы Өтеміс ЖҰМАҒАЛИЕВ жергілікті шаруалар Атырауда қант қызылшасын өңдейтін зауыт салу жобасын қарастырып жатқанын айтты. Осыған байланысты, кәсіпкерлерді Тайваннан жабдықтар жеткізу және оны мемлекет қолдауымен лизингке алу мүмкіндігі қызықтырып отыр.

Тайван делегациясының өкілдері барлық айтылған ұсынысты қабыл алып, ынтымақтастықта жұмыс жасайтынын айтты. 

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

14 қыркүйек 2023, 16:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.