Атырау қаласының прокуратурасы қалалық білім бөлімін тексеріп, бес жетім баланың мүліктік құқығы бұзылғанын анықтады. Қорғаншылық органы өкілі балалардың әке-шешесі қайтыс болған соң артында қалған бес пәтер мен бір жер теліміне қатысты үшінші тұлғаларға сатуға шектеу қоймаған. «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы» Заңға сәйкес жергілікті атқарушы органдар жетім балалардың үйінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады.
Прокурорлық қадағалау шараларымен осы мүлікті иеліктен шығаруға жол берілмей, оларға тиісті ауыртпалықтар салынды және мұралар ашылды. Осы сұрақ бойынша жауапты маманға тәртіптік жаза қолданылды.
- Осы санаттағы балалардың құқықтары прокуратураның қатаң бақылауында, - деп хабарлады қалалық прокуратура.
Айнұр САПАРОВА