Есірткі сатып пайдаға кенелмек болған 22 жастағы азаматшаның әрекеті әшкереленді.
2 қыркүйек күні Атырау облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл қызметкерлері синтетикалық есірткі заттарын сақтаған 2001 ж.т күдіктіні анықтаған.
Сараптама қортындысына сәйкес, алынған заттар 13,66 грамм "Альфа-PVP" және 0,94 грамм" Мефедрон " синтетикалық есірткі болып шықты.
Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған. Айтуынша, ол есірткіге қатысты әрекетін шілде айында бастаған, оның жұмыс берушісін интернеттен тапқан. Аталған дерек бойынша ҚК-тің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа тергеп-тексеру басталды.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
ПД жолдаған сурет