Атырау, 27 қараша 07:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Сапасыз үйге шағым көп

881 просмотра

Мақат ауданы Доссор кентінінің тұрғындары «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған үйлердің сапасыздығына шағымданды.

Бұл үйлер 2020 жылы әлеуметтік осал топтағы отбасыларға арнап жалға берілген. Тұрғындардың қуанышы көпке бармады: олар қоныстанғалы үш жылдан бері жөндеумен келе жатқандарын айтады.

- Үйде не суы,не газы жүрмейді. Есіктің жақтаулары сөгіліп, құлап жатыр. Біреуін дұрыстаймыз деп, екіншісін жөндеуге кірісіп кетеміз. Арзан әрі сапасыз материалдарға байланысты бұзылып жатыр, - дейді Ғалия АСАНБАЕВА

- Мен де, күйеуім де қазір жұмыссыз отырмыз. Көпбалалымын. Жөндеуге қаша сұрасам, әкім ондай ақша бюджеттен қарастырылмаған дейді. Қарастырылмаса, неліктен үйді жекеменшікке бермейді?...Былтыр 8 отбасы тұратын үш қабатты үйіміздің іші көктеп кетті. Балалардың көпшілігі, ұлым да суықтан, дымқылдан ауырып қалды.  Қазір де шелекпен газға су ысытып түсеміз. Су қысымы төмен. Әжетханаға су көтерілмейді. Жиі жөндеу жасаймыз. Бізге қалдық құнымен сатып алып, жеке меншікке ала аласыңдар дейді. Бізге қалғаны 18 млн теңге екен. Ондай ақша қолымызда болса... - дейді Жанар ДҮЙСЕНБАЕВА

Мақат аудандық Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Темірбек ӨМІРБАЙ ахуалға былай түсінік берді:

- Тұрғындар үйдің нашар жағдайда екенін айтады, бірақ олай емес. Ал жекешелендіру - заңға қайшы. Содан соң, пәтерлерін әкімдік емес, тұрғын үй иесінің өзі күтіп ұстауға міндетті екені баршаға аян.

Айнұр САПАРОВА

14 қыркүйек 2023, 14:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.