Қазақтелеком байланыс операторы мыс кабельдерін талшықты оптикаға ауыстыра отырып, байланыс желілерін жаңғыртуды жалғастыруда. Жыл басынан бері «Тазарту» жобасы аясында компания бүкіл ел бойынша 35 мыңнан астам пайдаланушыны ADSL технологиясынан GPON желісіне ауыстырды. Атырауда «Қазақтелекомның» заманауи желілері 3 мыңға жуық тұтынушыны қамтыды.
Енді облыс орталығынан 200 шақырым жердегі 33 мың тұрғыны бар Индербор ауылында «оптика» пайда болды. Индербор GPON технологиясы бойынша кең жолақты қатынау қызметі іске қосылған өңірдегі бірінші елді мекен. Компанияның алдағы уақыттағы жоспары ауылдағы 8 жаңа ғимаратты қосу, бұл тағы да 400-ден астам тұтынушыны қамтиды.
-«Тазарту» жобасы аясында абоненттерді ауыстыру – облыс елді мекендерін «оптикамен» қамтудың тағы бір қадамы. Жалпы Атыраудағы «Қазақтелеком» АҚ оптикасын қамтуға жұмсалатын қуат облыс орталығының жалпы абоненттерінің шамамен 58 пайызын құрайды,- деді «Қазақтелеком» АҚ Атырау қалалық қолжетімділік желісі басқармасының желіні пайдалану және қайта құру қызметінің басшысы Ерлан СЫМҒАЛИЕВ.
Айта кетейік, «Тазарту» жобасы аясында «Қазақтелеком» жыл соңына дейін республика бойынша 53 мыңнан астам абонентті GPON желісіне ауыстыруды жоспарлап отыр. Бүгінде 35 мыңнан астам тұтынушы жаңа қолжетімділік технологиясының пайдаланушысы болды.
GPON – бір кабель арқылы Интернетті, сандық теледидарды және IP телефонияны қосу технологиясы. Оның басқа байланыс қызметтерін қосу технологияларынан басты айырмашылығы – жоғары жылдамдықта деректер беру. Gigabit PON өткізу қабілеті 1 Гбит/с дейін, яғни HD сапасында фильмді жүктеу бес минуттан аспайды.
Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА
ӨКҚ жолдаған сурет