Атырау, 27 қараша 07:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Атырауда сумен жабдықтау жүйелерін автоматтандыру жұмыстары жүргізілмек

656 просмотра

«Атырау облысы Су арнасы» КМК сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің өндірістік процестерін автоматтандыру мен цифрландыру жұмыстарын жүргізу бойынша өңірде жобалық-сметалық құжаттама жасалмақ. Сонымен қатар, жол картасы дайындалып, жүйелерді тексеру жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы «Атырау облысы Су арнасы» КМК-ның бас техникалық жетекшісі Смағұл ТУКЕШОВ мәлім етті.

С.Тукешовтың айтуынша, барлық өндіріс орындарында, тұрғын және тұрғын емес ғимараттар мен құрылыстарда үйдің ортақ су есептегіштерін, су өлшегіштерді орнату (өлшеу аспаптары, қысым датчиктері, автоматика) арқылы бүкіл өндірістік процесте (су алу-тасымалдау-су тұтынушы-су бұру-тазарту құрылыстары) су ресурстарын есепке алудың бүкіл кешенін қамтамасыз ету жоспарлануда.

Осы мақсаттарда су есептегіштерін орнату мүмкіндігіне ие болу үшін сорғы станцияларын жаңғырту, ұңғымаларды ауыстыру және жаңғырту жоспарлануда. Әрбір су өлшегіш және су есептеу аспабы гидромодель жасау және нақты уақыттағы суды өлшеуді қамтамасыз ету үшін деректерді Scada жүйесіне жібереді.

- Бұл жүйе желілердегі судың тұрақты қысымын қамтамасыз ету үшін сорғы станцияларын модельдеуге, басқаруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, көрсеткіштердің дәлдігін арттыру арқылы технологиялық және коммерциялық шығындарды азайтады, тозған желілер мен жөндеу жұмыстарын анықтайды. Біріктірілген автоматтандыру нақты қажеттілік бойынша жобалардың қуатын есептеп, кәсіпорынның болашақ шығындарын, сондай-ақ сумен жабдықтау және су бұру жүйесін салуға, реконструкциялауға кететін мемлекеттік бюджетті есептеуге мүмкіндік береді (желілердегі судың нақты сұранысы негізінде жобалық қуаттылықты есептеу. Жүйе сонымен қатар технологиялық және коммерциялық шығындарды азайтады), - деді С.Тукешов.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі №736 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 2.6-тармағына сәйкес, облыстарда, Астана, Алматы және Шымкент қалаларында сумен жабдықтау, су бұру жүйелерінің және тазарту құрылыстарының өндірістік процестерін автоматтандыру жөніндегі жобаларды іске асыру көзделген болатын.

- Аталған жүйе Шымкент қаласында іске қосылды. Біз тәжірибе алмасу үшін осы қалаға сапар ұйымдастырдық. Онда суды өндіру және тасымалдау жұмыстары технологиялық процесті басқару жүйесі арқылы толығымен автоматтандырылған. Орталық диспетчерлік қызметі тәулік бойы қаланың су құбыры жүйесінің негізгі тораптарындағы су қысымының деңгейін интернет браузердің көмегімен мониторда көрсетілетін көрсеткіштер арқылы бақылайды. Осы технологияның нәтижесінде тұрақты сумен жабдықтау қамтамасыз етілген және құбыр желілерінің апаттылығы үш есе азайған. Барлық жалпы есептеу аспаптары көрсеткіштерді қашықтықтан түсіру технологиясымен 100% жабдықталған және жұмыс істеп тұрған кәріз-тазарту құрылыстары толығымен автоматтандырылып, қашықтан басқарылады,- деп түйіндеді С.Тукешов.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

14 қыркүйек 2023, 12:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.