Атырау, 10 қазан 16:04
 бұлттыВ Атырау +15
$ 489.06
€ 536.21
₽ 5.05

Зауыт салықты кейін төлейді

1 518 просмотра

Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында Атырау мұнай өңдеу зауыты қалалық бюджетке мұнай өнімдерін өндіруге 85,6 млн теңге сомасындағы акциздік салықты төлеу жоспарын орындай алмайды. Бұл туралы 26 сәуір  күні қалалық мәслихат сессиясында зауыттың бас инженерінің орынбасары Рүстем БИСАЛИЕВ хабарлады.

Қалалық қазына акциздерді: бензин бойынша72 млн теңгеге, дизель отыны бойынша 13,6 млн теңгеге кем алады. Р. Бисалиев зауыт акциздер бойынша: бензин бойынша – жаздың аяғына дейін, солярка бойынша – жыл аяғына дейін міндетті түрде жоспардың есесін қайырады деп уәде берді.

Бисалиевтің айтуынша, өнімділіктің төмендеу себептерінің бірі –3-20 қаңтар аралығында катализаторды қалпына келтіру үшін ЛГ-35-11/300-95 каталитикалық риформинг қондырғысының тоқтатылуы болған. 20 қаңтар мен 6 ақпан аралығында зауыт тек АИ-80 маркалы бензинін ғана шығарды. АИ-92 тек 7 ақпанда ғана пайда болды.

Екінші себебі – 22 наурыз күні тал түсте кәсіпорынның сыртқы электр қуатының көзінен толықтай ажыратылуы болды. Барлық технологиялық қондырғылар апатты режимде тоқтатылды. Жарылу қаупі бар нысанның «нөлге» отыруы 35 киловатт кернеуі бар екі сыртқы желілер арқылы электрдің берілуін тоқтату салдарынан болды. Бисалиевтің айтуынша, зауыттың қондырғылары бес тәулікке тоқтап тұрған.

Р. Бисалиев сонымен қатар сессияда АМӨЗ-дің 2017 жылға дейін мұнай өңдеу жоспары бар екенін хабарлады. Соған сәйкес, мұнай өңдеу көлемі жыл сайын өсетін болады, ал 2017 жылға қарай қазіргі 4,5 млн тоннадан 5,5 млн теңгеге дейін көбейеді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

2 мамыр 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.