Атырау, 27 қараша 08:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Астанадағы жәрмеңкеде өз өнімдеріміз ұсынылды

561 просмотра

Астанада өткен Атырау облысының ауыл шаруашылығы тауарларының жәрмеңкесінде 72 тонна тауар ұсынылды.

Көрме Қазақ Ұлттық өнер университетінің аумағына ұйымдастырылды. Оған Атырау облысы әкімінің орынбасары Марат МУРЗИЕВ пен Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Салауат ӨТЕҒҰЛОВ қатысты.

- Жәрмеңкеде ет және сүт өнімдерінің 17 түрі, балық және балық өнімдерінің 48 түрі, бау-бақша өнімдерінің 12 түрі, барлығы 72 тонна ауыл шаруашылығы тауарлары ұсынылды. Жәрмеңкеде аталған тауар түрлері нарықтық деңгейде төмен бағада сатылды, әрі жергілікті өнімдер мен өндірілген тауарлар жоғарғы сапада ұсынылды,- деді С.Өтеғұлов.

Оның айтуынша, балық және балық өнімдері Атырау қаласы, Исатай және Құрманғазы аудандарынан «Амангелді», «Каспий балық», «Шағала-Атырау», «Алаша-Атырау», «Сев Каспий Фиш» балық аулау және өңдеу кәсіпорындарынан жеткізілген.

Ал сүт және сүт өнімдерін Жылыой, Индер және Махамбет аудандарынан «Ащысай» ШҚ, «Дархан-Дала» ШҚ, «Қуанышбек» ШҚ, «Нұрлыбек» ШҚ, БҚ «Первомайский» ЖШС өндірген.

Сондай-ақ Жылыой, Индер, Исатай, Қызылқоға, Құрманғазы, Мақат және Махамбет аудандарынан сиыр, жылқы, түйе және қой еттерімен қатар шұжық өнімдерін 20-дан астам шаруа қожалығы ұсынылса, бақша өнімдері «Индер-Агро» ШҚ, «Дибдиева» ШҚ, «КазАгроНова» ШҚ, «Дастан» шаруа қожалықтарынан жеткізілген. Сонымен қатар, жәрмеңкеге келген тұрғындар мен қонақтар үшін атыраулық өнерпаздардың концерттік бағдарламасы ұйымдастырылды.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

14 қыркүйек 2023, 11:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.