Атырау, 7 қараша 14:18
 қар жаууы ықтималВ Атырау +3
$ 492.14
€ 528.85
₽ 5.01

АМӨЗ экологтармен келіспейді

1 894 просмотра

АМӨЗ қоршаған ортаны қорғау министрлігіне облыстық экология департаментінің әрекетіне қатысты екі шағым жолдады.Бұл туралы экологтармен кездесу кезінде «АМӨЗ» ЖШС бас инженерінің орынбасары Абдолла БИКБАЕВ (суретте) хабарлады.

Әңгіме 2012 жылдың 31 қаза-нына қараған түні қаладағы бүкіл ауаға мұнай өнімдерінің иісі жайылғаннан кейін зауытқа экологтардың жүргізген тексеруі туралы болып отыр («АЖ» №44, 01.11.12 ж., «АМӨЗ тағы бүлдірді» жарияланымын қараңыз).

– Бізге 2012 жылдың қазаны мен биылғы жылдың қаңтары аралығында тексеру жүргізілді. Мұны біз заңсыз болды деп есептейміз, - деп мәлімдеді А.Бикбаев. – Бір әжей экология департаментіне хабарласып, басының ауырып тұрғанын айтқан. Осының негізінде олар біздің зауытқа кезектен тыс тексеру жүргізуді бастады. Екіншіден, біз тексеру қорытындысымен келіспейміз. Бір текше метр табиғи газды өртеу үшін 10 текше метр ауа қажет. Ауаның 70 пайызын азот құрайды. Сондықтан олар азот оксиді мөлшерінің асып кеткенін анықтады. Біз министрліктен экология департаментінен кейбір жайттарды түсіндіруді сұраймыз. Біз ғылыми институттар жасаған мәліметтерге жүгініп отырмыз. Ал экологтар мұны шығарындылардың нормативтері асып кеткен деп ұсынды.     

Ал «АЖ»-ға экология департаментінің бас маманы Мәрия ЕЛЕУБАЙ былай деп хабарлады:

– АМӨЗ-ге тексеру жүргізу барысында ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 243-бабы («Қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерінің асып кетуі») бойынша заң бұзушылықтар анықталды. УЗК, ЛГ-2П-1, ТЭЦ №9, АТ-2П-1, АТ-2П-2 қондырғыларынан өнеркәсіптік шығарындылардың сынамалары алынды. ЛГ-2П-1 каталитикалық риформинг қондырғысының технологиялық пешінде азот диоксиді бойынша шекті-рұқсат етілген шығарындылардың асып кеткені анықталды. Зауытқа 593 мың 346 теңге әкімшілік айыппұл салынып, қоршаған ортаға тигізілген зиян - 2 млн 447 мың 556 теңге деп есептелді. Бұдан басқа,Сасықсай булану алаңына баратын ағынды сулардан сынама алынды. Лақтырындыларға талдау жасау нәтижелері бойынша химиялық элементтердің – аммоний азоты, сульфаттар, хлоридтер мен фенолдардың нормативтен асып кеткендігі  анықталды. Бұл жағдайда зауытқа 2 млн 251 мың 617 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды. Сонымен қатар, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 240-2-баптың 1-тармағы бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін рұқсаттың №9 қосымшасында көрсетілген ерекше шарттарды орындамағаны үшін айыппұл салынды. Бұлар: эмиссия нормативтерін сақтамау және өкілетті органдарға табиғат қорғау шараларының орындалуы туралы есептерді ұсынбау. Айыппұл 259 мың 650 теңгені құрады. Барлық аталмыш айыппұлдарды зауыт ерікті түрде төледі.    

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

2 мамыр 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.