Атырау, 27 шілде 09:26
 ашықВ Атырау +28
$ 474.83
€ 515.38
₽ 5.50

Гараждағы уылдырық цехы

2 301 просмотра

25 сәуірде «Бекіре-2013» операциясы барысында су полициясының қызметкерлері Бекалиев көшесі бойындағы (ескі базар жақ) жеке үйдің гаражынан қара уылдырық жасайтын астыртын мини-цехты анықтады.

Тінту барысында гараждан ішінде қара уылдырығы бар 500 граммдық 16 пластмасса банкі мен 400 бос банкі, электронды таразы, тұз және осы жеңсік асты дайындауға қажетті басқа да заттар табылды. Гараж иесіне ҚР ҚК-нің 183-бабы бойынша («Қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алу немесе сату») қылмыстық іс қозғалды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

2 мамыр 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 700 672 70 30 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.