Атырау, 25 қараша 18:49
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Аймақтық» үйлер бір жылдан кейін күреледі

3 325 просмотра

АМӨЗ-дің санитарлық-қорғаныс аймағына кіретін (зауыт қондырғыларынан 1 шақырым радиуста орналасқан) үйлер 2014 жылдың ортасында бұзылатын болады.

Бұл ақпарат АМӨЗ және қалалық ТКШ бөлімі басшыларының тұрғындармен болған кездесуінде айтылды. Мемлекеттік сатып алу және ісқағаздарын жүргізу секторының меңгерушісі Қайрат КЕНЖАЛИЕВ өз баяндамасында хабарлағандай, Азаматтық кодекске сәйкес, зауыт маңында орналасқан үйлердің тұрғындары алда болатын күрелу туралы хабардар етілді. Сонымен қатар, осы маңдағы үй иелерінің бау-бақша учаскелері бар екені белгілі. Сондықтан да Кенжалиев биыл сол жерлерге егін егіп, күзде соңғы рет оруларына кеңес берді.

Өткен жылы үйлерді бағалаумен айналысқан «Атырау Сити» ЖШС биыл тендерден ұтылып қалды. Оның орнына Астаналық «ВМ» бағалау компаниясы жұмыс жасайтын болады.

Кенжалиевтың айтуынша, көптеген үй иелерінің жерді пайдалану мемлекеттік актісі, үй салуға техникалық төлқұжаттары жоқ. Әзірге уақыт барда, барлық құжаттарды ретке келтіру керек.

Жеке үй иелеріне ақшалай өтемақы беріледі. Қабдолов (бұрынғы Говоров) көшесі бойындағы №6, 10, 12 үйлердегі пәтерлердің бағалау құны өте төмен болуы мүмкін, өйткені бұлар 40-шы жылдарда салынған. Сондықтан да қалалық әкімдік бұл тұрғындарға жаңа пәтерлер ұсынады.

Кездесуде көрнекі ақпараттар қабырғасы көрсетілді. Жерге орналастыру жобасына сәйкес, АМӨЗ санитарлық-қорғаныс аймағына жер учаскесі бар 110 тұрғын үй және 56 түрлі қолданыстағы жер телімдері бар. Атап айтсақ, Речная көшесінде – жер телімі бар 5 үй («АЖЭО» АҚ маңы); Хабаров көшесінде – жер телімі бар 7 үй; Шакимов көшесінде (Сол жақ Төменгі Перетаска арнасы) – жер телімі бар 69 үй және 30 бау-бақша учаскелері; Досмұхамбетұлы көшесінде (Оң жақ Төменгі Перетаска арнасы) – жер телімі бар 8 үй, құқық белгілейтін құжаттары жоқ, жер телімі бар 13 үй және 21 бау-бақшалық учаске. 

К. Кенжалиевтің айтуынша, бұл - алдын ала жасалған тізім. Бұл тізімге санитарлық аймаққа 5-10метркіріп тұрған жер телімі бар үйлер енгізілген жоқ. Бұл үйлер де күреледі және тұрғындары өтемақы алатын болады. Бағалау кампаниясы ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталуы тиіс. Ал 2014 жылы тұрғындарға берілетін өтемақыға арналған қаражат қалалық бюджетке түсуі керек.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

2 мамыр 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.