Атырау, 28 ақпан 14:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 497.56
€ 586.92
₽ 6.44

Жол ережесін бұзғандар жазаланды

Бейнежазба
1 172 рет қаралды
Бейнежазбадан алынған скриншот

8 қыркүйек күні сағат 8:00 шамасында Әбілхайыр хан даңғылы тұсында 1959 ж.т. жүргізуші маркасы Mitsubishi автокөлігін үздіксіз екі ақ жолақты қиып, жолдың қарама-қарсы бағытына шығып жүргізген. Дәл осындай құқықбұзушылықпен Береке мөлтек ауданынан 1983 ж.т. Datsun маркалы автокөлік жүргізушісі анықталды. Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-ның 596-бабы 5-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Сондай-ақ, Көкарна ауылы тұсындағы Атырау-Дамбы тас жолында маркасы Hyundai Accent автокөлігінің 2000 ж.т. жүргізушісі полиция қызметкерлерінің тоқтату туралы заңды талабын орындамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-ның 613-бабы 1-бөлігі бойынша хаттама жасақталды.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

ПД жолдаған бейнежазба

11 қыркүйек 2023, 12:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.