7 қыркүйек күні сағат 22:30 шамасында Исатай ауданында 1995 ж.т. азаматшаның үйден шығып кетіп, кері оралмағаны туралы хабарлама келіп түскен.
Жоғалған азаматшаның денсаулығында кінәрат барын ескерген полицейлер ауыл маңы мен ішін, ауылдан тасжол арқылы қатынайтын көліктерді сұрастырып, тексеру жұмыстарын шұғыл жүргізді. Іздеу жұмыстарына ауыл тұрғындары да көмектескен.
Исатай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерінің жедел-іздестіру жұмыстары нәтижесінде 8 қыркүйек күні сағат 11:00 шамасында әйел далада үйінен 5 шақырым жерден табылды.
Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА
ПД жолдаған сурет