Атырау, 27 қараша 08:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Сасыған көл-2: «Жылыой су» МКК-не 274 млн теңге айыппұл салынды

998 просмотра

Атырау облысы бойынша экология департаменті «Жылыой су» МКК-на қатысты тексеру жүргізген кезде Құлсары қаласының шеткі аумағына тазаланбаған кәріз суы рұқсатсыз төгілгені анықталды. Бұл туралы маусымда Атырау облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменті хабарлаған.

Еске салсақ, қазіргі уақытта қаланың барлық ағын сулары далаға шығатын 12 шақырымдық құбырға құйылады. Енді бұл сасыған сұйықтық үлкен көлге айналған.

Департамент мұны хатында Құлсары қаласындағы су тазалайтын кәріз жүйесінің ғимараты болмағандықтан төгіп отыр деп көрсеткен. Жоспардан тыс тексеру нәтижесінде ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 331-бабы және 328-бабымен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, сотқа жолданды.

Жылыой аудандық сотының 8 тамыз күнгі қаулысымен, «Жылыой су» МКК ӘҚБтК-нің 331-бабында («Атмосфералық ауаны қорғау және су объектілерін ластану мен қоқыстанудан қорғау жөніндегі талаптарды бұзу») көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 1 380 000 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Бұдан бөлек, Жылыой аудандық сотының 1 қыркүйектегі қаулысымен ӘҚБтК-нің 328-бабы бойынша («Жобалық құжаттамада және (немесе) экологиялық рұқсатта белгіленген қоршаған ортаға эмиссия нормативтерін асыру немесе экологиялық рұқсаттың болмауы...) кінәлі деп танылып, 272 млн 871 мың 283 теңге әкімшілік айыппұл салынды.

Айнұр САПАРОВА

11 қыркүйек 2023, 12:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.