Орталық Азия елдері климаттық өзгерістер қаупі бар осал елдердің қатарында саналады. Оның салдары - қосымша су күйзелісі. Бұл туралы bne IntelliNews сайтында Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай ПОДГУЗОВ жазады.
Өңірде температура орташа әлемдік мәннен жоғарылайды деп күтілуде. Сонымен қатар, суды пайдалану тиімділігінің ең төмен көрсеткіштерінің бірі осы жерде. 2040 жылға қарай Орталық Азияның кейбір аудандарында су күйзелісі 2,8 есеге артады.
Су және энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалану және бөлу бүкіл өңір бойынша қарастырылуы керек. Ұжымдық тәсіл маңызды.
«Орталық Азияның су-энергетикалық кешенін тиімді реттеуді және басқаруды әзірлеу – өте күрделі міндет. Дегенмен, бірлескен өңірлік реттеудің жаңа тиімді тетіктерін құру арқылы барлық трансшекаралық өзен бассейндерінің әлеуетін толық ашу аса маңызды», - деді Н.Подгузов.
Жомарт ӘМІРХАНОВ