Атырауда трассада көлікті мас күйінде басқарған жүргізуші анықталды.
Ақтөбе – Атырау – Астрахань республикалық тас жолының 498-ші шақырымында Атырау облысы аумағын кесіп өтетін жерде патрульдік полиция қызметкерлері күдікті «Lada Granta» көлігін тоқтатты. Тексеру кезінде көлік жүргізушісінен ішімдіктің иісі сезілді, медициналық тексеру кезінде жүргізушінің орташа дәрежеде мас болғаны анықталды.
Қазіргі уақытта оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі бойынша хаттама толтырылып, ол сотқа дейін қамауға алынды.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА