Атырау, 27 қараша 09:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Ештен кеш жақсы: мектептердің жөндеу жұмыстары бақылауға алынды

Бейнежазба
856 просмотра

Қалалық білім бөлімінің басшысы Айнагүл ДҮЙСЕКЕНОВА мен Атырау қаласы прокурорының орынбасары Мирас ЖАЛМУРЗИН күрделі жөндеуден өтіп жатқан мектеп нысандарын аралады.

Бес мектепте: №13, №22, №27, №19, №31 және №1 «Сәби әлемі» балабақшасында күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Аталған құрылыс нысандарын аралау барысында шенеуніктер барлық жұмыстың сапалы және мерзімінен кешіктірілмеуі қажеттігін айтты.

Сонымен қатар, жобалық-сметалық құжатта (сараптамадан өткен) көрсетілген жұмыстардың мүлтіксіз орындалуы, қандай да бір өзгерістерді енгізу үшін заңды негіздемесі болуы керегі де айтылды. Прокурор орынбасары Қ.Сәтпаев атындағы №19 мектеп мектеп-гимназия және №1 балабақша бойынша күрделі жөндеу жұмысы баяу жүргізіліп жатқанын айта отырып, мердігерге келісім-шарт бойынша жұмыстарды аяқталу мерзіміне 2 айға жуық уақыт қалғандығын қатаң ескертті.

- Жұмыс көлемінің ауқымдылығын қарайтын болсақ, жұмысшылар санын көбейтіп, жұмыс қарқынын көтеру қажет болады. Екі мердігер компанияның басшылығымен және білім бөлімімен бірлескен жиын өткізу қажет. Бұл күрделі жөндеу жұмыстары қазір тек орындаушылар деңгейінде ғана жүріп отыр. Мердігер компанияның басшысы осы оқу нысандарын келіп қарап, өз бақылауына алуға тиіс, - деді М.Жалмурзин.

Прокурордың орынбасары алдағы уақытта осы нысандардағы жұмыстар Атырау қаласы прокурорының қатаң бақылауында болатынын атап өтті.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

ӨКҚ жолдаған бейнежазба

7 қыркүйек 2023, 12:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.