Атырау, 29 қыркүйек 08:27
 ашықВ Атырау +25
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Түрлі түспен ажарланған үйлер

Сурет
784 просмотра

Алмагүл ықшамауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің сыртқы қасбетін жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

- Ықшамаудандағы 16 үйді сырлау жұмыстарына 3 мердігер мекеме - «Ер-Нұр Строй и К» ЖШС, «Сенім 2016» ЖШС, «РимСтройСервис» ЖШС жұмылдырылды, - дейді «Қалалық ТКШ және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ басшысы Бақтияр ХАМИДОЛЛАЕВ. - Сонымен қатар, И.Тайманов көшесі, 58 және Б.Құлманов көшесі, 107 мекенжайындағы тұрғын үйлерінің қасбеті жөнделіп жатыр. Кестеге сәйкес «100 аула» жобасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар қазан айына дейін жалғасады.

Айта кету керек, соңғы кездері Атыраудағы үйлердің қасбеті түрлі түске бояла бастады. Мысалы, Алмагүлдегі күңгірт түсті үйлерге жылы және ашық реңк берілді. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА 

ӨКҚ жолдаған суреттер

7 қыркүйек 2023, 12:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.