Оқиға Сәңкібай батыр даңғылында болған, деп хабарлайды Диапазон сайты.
34 жастағы Nissan XTrail жүргізушісі солға бұрылу кезінде қарсы келе жатқан көлікке жол бермей, жол белгілері мен қоршауларға соғылған. Nissan XTrail көлігінің жүргізушісі жарақатпен ауруханаға түсті, ал оның әуежайға алып бара жатқан жолаушысы, Атырау тұрғыны оқиға орнында қайтыс болды. Анықталғандай, Nissan жүргізушісі көлікті мас күйінде басқарған.
Сот жол-көлік оқиғасына кінәліні 3 жылға бас бостандығынан айырды және 10 жылға жүргізуші куәлігінен айырды.