Атырау, 23 қараша 12:26
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

"Мәнсіз мәміле". Путин мен Ердоғанның астық мәмілесі бойынша кездесуі сәтсіз аяқталды

637 просмотра

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Путинмен болған кездесуден кейінгі баспасөз мәслихатына қатысып, "мәнсіз мәміле" жайын айтты. Президенттің айтуынша, астық саудасына қатысты келіссіөз сәтсіз аяқталған. Нақтырақ айтқанда, Ресей Федерациясының президенті өз талаптарын алға тартып, келісімді жаңартудан бас тартқан, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоғанмен мен Ресей президенті Владимир Путин 4 қыркүйек, дүйсенбі, күні Сочиде бас қосты. Аталмыш кездесуде украин астығын Қара теңізге экспорттауға мүмкіндік беретін "астық мәмілесі" сәтсіз аяқталып, бұл бағыттағы сауда-cаттықты қайта жаңғырту жайы оңынан шешілмеді.

Ресей президенті мұндай келісімнің тек "Ресей агроөнімінің экспортына шектеулер алынып тасталған" жағдайда ғана мақұлдануы мүмкін екенін баспасөз мәслихатында айтты. Мұнымен қоса, Ресей тарапының 1 миллион тонна астықты "Түркияда өңдеп, содан кейін кедей елдерге арзандатылған бағамен таратуды" ұйымдастыратынына уәде берді.

Орайы келгенде айта кетейік, Қара теңіз арқылы астық жеткізу мәмілесі - Ресей, Украина, Түркия және БҰҰ тараптарының 2022 жылдың шілдесінде қол қойған келісімі. Мәміле Қара теңіз арқылы астықты қауіпсіз экспорттау мәселесін заңдастырды.

2023 жылдың 18 наурызында мәміленің алғашқы мерзімі аяқталды. Заң бойынша, мүдделі тараптар қарсылық танытпаса, мәміле өздігінен тағы 120 күнге ұзартылуы керек еді. Дегенмен Ресей мәмілені тек 60 күнге ұзартатынын хабарлады. 17 шілдеде Ресей Федерациясы Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков "Ресей Федерациясының астық мәмілесінен шығатынын" жариялады. Ол Қара теңіз келісімдеріндегі "Ресей мүддесіне қатысты тұстар әлі орындалмағанын" атап айтты.

5 қыркүйек 2023, 17:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.