Атырау, 27 қараша 10:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Баспана мәселесі

865 просмотра

Жыл аяғына дейін үй кезегінде тұрған 88 атыраулық баспаналы болады. Жергілікті және республикалық бюджеттен бөлінетін қаражатқа дайын пәтерлер сатып алынып, тұрғын үй кезегінде тұрғандарға жалға беріледі.

Атырау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік және автокөлік жолдары бөлімінің тұрғын үй секторы меңгерушісі Рафхат ЖОЛДИЕВТЫҢ айтуынша, 21 мыңға жуық атыраулық тұрғын үй кезегінде тұр. Олар кезек-кезегімен жалға немесе ипотекалық бағдарламар арқылы баспанаға ие болуда. Биыл да 88 тұрғын баспана алмақ.

- Биыл 35 жасқа дейінгі жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында «Атырау жастары» бағдарламасын іске қосып, ол арқылы 55 жас өз үйлеріне орналасты, - дейді Р.Жолдиев. - Ал қалған құжаты мақұлданғандар пәтер немесе несиеге кепілдік іздеп жатыр. Сондай-ақ табысы төмен отбасыларға - көпбалалы аналар, толық емес отбасылар және мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасылар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға «Бақытты отбасы - Атырау» ипотекалық несиелендіру бағдарламасы басталды. Бұл бағдарлама арқылы кезекте тұрған бастапқы жарнасыз қолданыстағы үйді сатып алуға мүмкіндік беріледі. Былтыр осы бағдарламаға 366 тұрғын өтініш берген. Тексеру нәтижесінде 69 адамның құжаты банкке жолданды. Оның ішінде төрт адамның төлем қабілеті расталып, өз пәтерлеріне ие болды. Ендігі кезекте қалған тұрғынның төлем қабілеті анықталып жатыр.

Сондай-ақ, ол Атырау облысындағы аудан тұрғындары үшін несиенің ең көп сомасы – 13 млн теңге болса, ал Атырау қаласының тұрғындары үшін – 18 млн теңге екенін атап өтті. Ал несиелеу мөлшерлемесі – 5 %, мерзімі – 19 жыл. Ең маңызды артықшылығы - бастапқы жарна мен табыс шектеуі жоқ.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

1 қыркүйек 2023, 12:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.