
2004 жылғы демократиялық төңкеріске жетекшілік еткен Юлия Тимошенко 2011 жылы қазанда премьер-министр болып тұрған кезінде Ресеймен газ келісімін жасауда қызметін теріс пайдаланды деген айыппен 7 жылға сотталған еді.
Бірақ Тимошенко президент Виктор Янукович үкіметі қылмыстық істі қолдан жасап, өзін адам төзгісіз жағдайда ұстап отыр дейді. Ол түрмеде денсаулығы нашарлап, бірнеше рет емделген.
Ал Украина үкіметінің заңгерлері Еуропа сотының шешімін "негізсіз" деп санап отыр.
Тимошенконың ісі Украина мен Батыс елдері арасындағы қарым-қатынасқа сызат түсіріп отыр. Еуропа Одағы мен АҚШ оның қудалануында саяси астар бар бар дейді.
Дереккөз: azattyq.org
30 сәуір 2013, 16:46