Атырау, 27 қараша 10:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

"Болмаған" жол-көлік апаты

1 219 просмотра

Атыраудағы аулалардың бірінде мас жүргізуші жол апатына себепкер болды. Ал көп ұзамай зардап шеккен көліктің иесі арызы жоғалып, оқиғаға кінәлі адам «ғайып болғаннан» кейін полицияға сенімсіздік білдірді.

- 17 тамызға қараған түні түнгі сағат бір шамасында қатты тарсылдаған дыбыстан және көлігімнің сиренасының дыбысынан оянып кеттім. Сыртқа жүгіріп шықсам, көлігімнің сол жақ бүйірі жымырайып қалғанын көрдім, – дейді Атырау тұрғыны Вадим МУСИН. – Кейбір көршілер бұл кезде сыртта болды, айтпақшы, ақ түсті Alphard жүргізушісі оқиға орнынан қашпақ болғанда, солардың көмегімен ауладан шығармай қойдық. Бірінші болып «950» келді: полицейлер оны көлігінің салонына отырғызып, жарты сағаттай бір нәрсені қызу талқылап, көліктен шықпады. Содан кейін екінші экипаж келді, олардың бірі өзін Батырбек БЕРЖАНОВ деп таныстырғаны есімде. Ол процессуалдық іс-әрекеттер жүргізді: менің арызымды қабылдап, жол апатының сызбасын жасады және Alphard жүргізушісін алкогольдік тестілеуге жіберді, ол 1,76 промилле орташа мас дәрежесін көрсетті.

Вадим Мусин

Бірақ келесі күні таңертең зардап шеккен көлік иесі В.Мусин «1414» нөмірінен арызының қараусыз қалғаны туралы СМС хабарлама алады.

– Мен қатты таң қалдым: бұл оқиға орнынан қашып кетпек болған мас жүргізушінің қатысуымен болған жол апаты! Мен материалдық шығынға ұшырадым, ал бұл үшін ешкім жазаланбай ма? Сол күні мен Бас прокуратураға қарасты Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетіне, сондай-ақ полицияға жүгіндім. Полицейлер арызымның жоғалғанын айтты. Арыз берушіге, яғни маған қайта жазуды сұрап, ешкімнің хабарласпағаны қынжылтты. Олар арызымды қараусыз қалдырып, мұрағатқа жіберуді жөн көріпті. Әрине, мен қайтадан арыз жаздым: ол қабылданып, сотқа жіберілді, – дейді В.Мусин. – 18 тамызда өткен бірінші сот отырысында менің оппонентім 1983 жылы туған Жәнібек САБИРОВ адвокатпен келіп, ешқандай ЖКО болмағанын мәлімдеді, бірақ аздап ішімдік ішкенімен келісті. Адвокат бұл ЖКО-ның куәгерлері жоқтығына сілтеді. Бұл таңғаларлық, өйткені ауланың жартысы куәгер болған еді, мен судьяға ЖКО болғаны туралы куәлік беруге дайын екі адамның байланыс деректерін бердім. Менде кінәлі тұлғаның менің көлігімді соғып кеткенін мойындайтын құжаттың фотосы бар. Оқиғаның хаттамасы мен схемасы бар. Сот барысында оның автокөлігінің айып тұрағына алынбағаны да белгілі болды... Айта кетерлігі, оның «Альфард» көлігі менің ауламда бір күн тұрып, кейін ғайып болды. Екінші сот отырысында – 22 тамызда – кінәлі тұлға мүлде келмеді. Полиция оны таба алмағанын айтты. Сот отырысы әр кез сайын кейінге шегеріледі, мен оны оқиғаға кінәлі тұлғаның жоқтығынан емес, Сабировтың көлігіндегі жол-көлік оқиғасының ізін жою үшін тағайындамай отыр деген негізді күдігім бар.

Бұл уақытта Facebook-тегі жазба астында полиция департаментінен оқиғаны сипаттайтын түсініктеме пайда болды:

«Атырау облысының полиция департаменті хабарлайды: 17 тамыз күні сағат 01:00 шамасында Атырау қаласында «Toyota Alphard» көлігі артқа қарай жүріп, СМП-136-ағы №2 үйдің алдында тұрған «Сhevrolet» көлігімен соқтығысқан. «Toyota Alphard» көлігінің жүргізушісін тексеру барысында оның орташа дәрежедегі алкогольдік масаң күйде болғаны анықталып, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 3-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды. Іс 18 тамызда қарау үшін мамандандырылған әкімшілік сотқа жіберілді. Алайда жүргізушінің адвокатының шағымына байланысты сот отырысы кейінге шегерілді. 19 тамызда шағым бойынша сот отырысы өтті, бірақ ол қанағаттандырусыз қалдырылды. Осыдан кейін азамат сот отырысына келмей, қоңырауларға жауап бермеді. Жылыой ауданы, Жаңа Қаратон ауылы мекенжайы бойынша дерекқорға тіркелген тұрғылықты жеріне барған кезде туыстары оның үйге келмегеніне 20 күн болғанын, көршілері де көрмегенін айтып, түсініктеме жазды. Қазіргі уақытта жүргізуші іздестірілуде, оның ұялы телефоны өшірулі».

Полиция департаментінің жауабына қарамастан, көкейде әлі де сауалдар қалды. Өз алдына ӘҚБтК-нің 608-бабында: «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде жүргізуі...» деп жазылған. Ал 3-бөлімінде: «... жиырма тәулікке әкімшілік қамаққа алу және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру» делінген.

Дегенмен, көп кешікпей бұл сауалдарға тікелей ІІД басшылығынан жауап аламыз деп үміттенеміз.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

В.Мусин жолдаған суреттер

31 тамыз 2023, 16:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.