Атырау облысының тұрғындарына «Жәрдем» пойызы 31 тамыз бен 15 қыркүйек аралығында медициналық қызмет көрсетеді.
Жоба шеңберінде еліміздің шалғай станцияларында тұратын тұрғындар негізгі медициналық мамандықтардың білікті мамандарынан (терапевт, стоматолог, офтальмолог, ЛОР дәрігері, хирург, уролог, маммолог, педиатр) тегін тексеруден және емдеуден өте алады. «Жәрдем» медициналық пойызы заманауи диагностикалық және медициналық жабдықтармен (УДЗ, флюорография және т.б.), шағын операциялық бөлмемен, зертханамен, интернетпен жабдықталған.
Пойыз кестесі: Толтыр стансасы 31.08, Ганюшкин 02.09-03.09, Афанасьев 03.09-05.09, Исатай 05.09-07.09, Нарын 07.09-09.09, Аққыстау 09.09-11.09, Жамансор 12.09-13.09, Мұқыр 13.09-15.09, Сағыз 15.09-17.09.
Айта кетейік, жобаға ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясының бастамасымен алғаш рет кәсіби және тәжірибелі медиаторлар мен заңгерлер тартылып, шалғай жатқан аудандар мен ауылдарда тұратын азаматтарға тиімді психологиялық, құқықтық және медиативті көмек көрсету қызметтері тегін ұсынылмақ.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА