Атырау, 19 мамыр 05:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Али Балоев жаңа ресми серіктеспен бірге жеңіс белестерін бағындыруды көздеп отыр

608 просмотра

Қазақстандық боксшы Али Балоев Parimatch халықаралық беттинг-компаниясының жаңа амбассадоры болды. Спортшы бұл шешім ой елегінен өткізілгендігін және оның мансабына ғана емес, сонымен қатар еліміздегі бокстың дамуына да пайдалы болатынын айтты. Ол туралы толығырақ материалдан оқыңыз.

Али Балоев – бірінші ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы. Оның кәсіби мансабы 2017 жылы басталып, бірден жетістіктерімен ерекшеленді. 2018 жылы Остинде (АҚШ) Балоев NABF Junior нұсқасы бойынша Солтүстік Американың жастар чемпионы атағын жеңіп алып, 1-раундта тәжірибелі жауынгерді соққыға жықты. Осыдан кейін бірқатар жеңістер мен жалғыз жеңіліс болды, бұл оның жеке рекордын 12-1-0-ге дейін көтерді.

Қазақстандық бокс мектебі әлемдік спортта тез танылуда. Балоев мақтаныш сезімін жасырмай, біздің спортшылардың ерекшеліктері туралы айтып берді:

«Біздің боксшыларымыздың басты ерекшеліктерінің бірі, соның ішінде менің де - өз ісіне жоғары кәсіби тұрғыдан қарау, менталитетіміз және тәрбие. Біздің дайындығымызбен үздік жаттықтырушылар айналысады. Сонымен қатар, біздің жетістігіміздің маңызды бөлігін психологиялық және эмоционалды күй деп санауға болады – шешуші сәттерде сабыр пен зейінді сақтау қабілетіміз бар».

Бірақ қанжығамызға байланған жетістіктермен тоқтап қалуға болмайды. Спортшының айтуынша, қазақстандық боксты жаңа деңгейге көтеру үшін, үш бағытта жұмыс істеу керек:

«Біріншіден, инфрақұрылымға инвестиция салуды жалғастыру және спортшыларды жаттығу үшін заманауи жағдайлармен қамтамасыз ету. Екіншіден, халықаралық турнирлер мен іс-шараларды көбірек өткізу, боксшыларды дамыту үшін ішкі алаң құру. Үшіншіден, жас таланттарды ерте жастан боксқа баулу және болашақ чемпиондарды тәрбиелеу үшін жастар бағдарламалары мен балалар секцияларын белсенді дамыту».

Балоев беттинг-компаниямен ынтымақтастық өзінің мансабын және Қазақстандағы кәсіби боксты дамыту бағытындағы дұрыс қадам деп санайды.

«Parimatch-пен ынтымақтастық туралы шешім ой елегінен өткізіліп, қабылданды. Parimatch-спорт пен спортшыларды қолдайтын жетекші компаниялардың бірі. Серіктестік маған кәсіби тұрғыдан өсуге, аудиториямды кеңейтуге және әртүрлі бастамалар арқылы бокс

әуесқойларымен қарым-қатынас жасаудың жаңа мүмкіндіктерін ашады деп үміттенемін. Қыркүйек айында келесі жекпе-жегім өтпек. Мен тек жеңіске жетуді мақсат етемін және жаңа серіктестің, сондай-ақ менің жанкүйерлерімнің қолдауымен WBO белбеуін Отаныма әкелеті».

Parimatch компаниясы атынан демеушілік менеджері Виктория Андреева келесіні хабарлайды:

«Біз Али Балоев сияқты талантты және ынталы спортшымен ынтымақтастық жүргізетімізге қуаныштымыз. Ол біздің бренд сияқты, әрқашан жеңіске жетуге барын салып, жанкүйерлердің спортқа деген сүйіспеншілігін оята алады. Алда бізді қызықты жобалар күтіп тұр, ал әзірше біз қазақстандықтарды 10-қыркүйекте өтетін титулдық шайқаста Алиді қолдауға шақырамыз».

31 тамыз 2023, 15:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.

Комментарий беру ажыратылған