Атырау, 29 қыркүйек 10:17
 ашықВ Атырау +25
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Евгений Пригожинді Порохов зиратына жерлеген

661 просмотра

23 тамызда әуе апатынан қаза тапқан "Вагнер" жекеменшік әскери компаниясының жетекшісі Евгений Пригожинді 29 тамызда Порохов зиратына жерлеген, деп хабарлайды Азаттық Радиосы.

Онымен қоштасу жабық өткен.

Порохов зиратының әкімшілігі MSK1 телеграм-каналына 29 тамызда сағат 16.00 шамасында жерленгенін мәлімдеді.

"РИА Новости" агенттігі Пригожиннің жақындары қоштасу рәсімін жабық өткізуді қалады деп хабарлады.

Қоштасу рәсіміне оның туыстары мен "Вагнерді" құруға атсалысқан әріптестері қатысқан.

23 тамыз кешке Ресейдің Тверь облысы Бологов ауданында Embraer бизнес-джеті құлады. Ұшақ құлаған маңнан он адамның мәйіті табылған. Оның ішінде Евгений Пригожин болғаны айтылды. Бұған дейін Ресей тергеу комитеті Евгений Пригожиннің ұшақ апатынан қаза болғанын растаған.

31 тамыз 2023, 09:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.