Атырау, 29 қыркүйек 10:14
 ашықВ Атырау +25
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Си Цзиньпин Шыңжаңға сапарында "исламды қытайландыру" саясаты жайлы айтқан

1 007 просмотра

Қытай басшысы Си Цзиньпин 26 тамызда Шыңжаң өлкесінің орталығы Үрімжі қаласына іссапарында "исламды қытайландыру" керегін айтқан. Бұл туралы Қытайдың мемлекеттік басылымдарына сілтеме жасап, Radio Free Asia сайты хабарлады, хабарлайды Азаттық Радиосы.

Си Үрімжідегі жиында "терроризм мен сепаратизмге қарсы күресті әлеуметтік даму жұмыстарымен және заңның үстемдігімен біріктіру керек" деп мәлімдеген. Ол Шыңжаң шенеуніктеріне "исламды қытайландыру саясатын әріқарай жалғастыруды" және "заңсыз діни әрекеттерді бақылауда ұстауды" тапсырған.

Бұған қоса Си Цзиньпин сапары кезінде "әлеуметтік тұрақтылық аймақтағы басты міндет болып қала беретінін", "тұрақтылық дамудың кепілі болатынын" айтқан.

Шетелде тұратын ұйғыр белсенділері Си Цзиньпиннің бұл сөзіне Шыңжаң аймағында репрессияның күшейетінін білдіреді деп санайды.

"Си Цзиньпиннің Үрімжідегі айтқан сөзі Қытай билігінің Шығыс Түркістанда ұйғырларға қарсы геоцид жалғасады дегенді анық көрсетіп берді" дейді Әлемдік ұйғыр конгресінің президенті Долкун Иса Radio Free Asia сайтына.

БҰҰ дерегінше, Қытай 2017 жылдан бері Шыңжаңда бір миллионнан аса үйғыр, қазақ және басқа да мұсылман халықты саяси лагеріне қамаған. Халықаралық ұйымдар Қытайдың бұл әрекетін мұсылмандарға жасалған қысым деп сынаған. Пекин Шыңжаңдағы саясатын "экстремизммен күрес" деп, ал саяси лагерьлерді "кәсіп үйрену орталығы" деп атайды.

Лагерьден шыққан ұйғырлар мен қазақтар ол жерде өздерін қинағанын, зорлағанын, белгісіз дәрілер бергенін, қытай тілін, Си Цзиньпин саясатын оқуға мәжбүрлегенін айтқан.

АҚШ пен Батыс елдері Қытайдың Шыңжаң халқын сотсыз қамауға алуын, азаптауын, әйелдерге күштеп стерилизация жасауын, адамдарды жұмысқа шегуін геноцид әрі адамзатқа қарсы қылмыс деп мәлімдеген.

Қытай басшысы Си Цзиньпин Үрімжіге 2022 жылы шілдеде барған. Пекин Шыңжаңға халықаралық зерттеушілерді кіргізбей отыр.

31 тамыз 2023, 09:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.