Атырау, 27 қараша 10:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Жоғары деңгейлі орта мектеп

Сурет
1 170 просмотра

Құлсарыда жертөледе тирі мен еңбек кабинеттері бар мектеп салынды.

«Мектеп аумағында футбол алаңы, ұзындыққа секіруге арналған орын, демалыс аймағы, ашық ойын алаңы, салтанатты рәсімдерге арналған алаң, автотұрақ қарастырылған. Екі қатарлы 300 оқушыға арналған мектеп екі ауысымды білім беру процесін жүзеге асыруға арналған. Бір сыныпта 25 адамнан аспайды. Информатика сабағы үшін компьютерлік үстелдермен, компьютерлермен жабдықталған. Ал шет тілін үйрену үшін 12, 13 оқушыдан төрт мультимедиялық кабинет ұйымдастырылған. Кабинеттерге лингафондық-мультимедиялық жабдықтар қойылған. Металл және ағаш шеберханалары үстел үсті бұрғылау станоктарымен, токарлық станоктармен, муфель пешімен жабдықталған. Қыздарға арналған еңбек кабинетінде тоқпен жасайтын тігін машиналары, айна, манекен, үтіктеуге арналған үстелдер, маталарға арналған шкаф қойылған. Тамақ дайындау бойынша оқу сабақтары өткізілетін аспаздық кабинетте электр плитасы, тоңазытқыш, араластырғыш бар, - деді облыстық құрылыс басқармасының басшысы Нұрберген ҚҰСАЙЫНОВ. - Жертөледе лазерлік ату кешенімен жабдықталған 25 метрлік тир орналасқан. Бұл кешен АӘД сабақтарында пайдалануға арналған. Кітапханада мектеп және көркем әдебиетті сақтауға арналған жабық және ашық қор, медиатека қарастырылған. Оған қоса, медициналық кабинет, 96 орынға есептелген акт залы мен оқушылардың тамақтануы үшін 104 орынға арналған асхана да қаралған».

Мектеп құрылысына тапсырыс беруші «Атырау облысының құрылыс басқармасы» ММ болса, бас мердігер «Тараз Құрылыс Инвест» ЖШС.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

ӨКҚ жолдаған суреттер

30 тамыз 2023, 13:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.