1 қыркүйектен бастап үй жануарларын тіркеу жұмыстары басталады. Есепке алу бұйымдарын, яғни татуировка, чип, электрондық белгілер, білезіктер, мойнына тағатын бау немесе сырға жасата ма оны үй жануарларының иесі өз таңдайды.
- Азаматтардың әлеуметтік осал санаттарын қоспағанда, чиптеу шығындарын жануар иесі төлеуі тиіс. Осал топтардың шығыны жергілікті бюджеттен қаралады. Төлем құны чиптің түріне қарай 5 мың теңгеден жоғары. Жануарлар чиптелген соң құжат (паспорт) беріледі, - деді ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы Мөлдір ИРБАТЫРОВА.
Егер үй иесі жануаррын чиптеуден жалтарса, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекстің 407-2-бабы бойынша жауапқа тартылуы мүмкін. Мұнда жеке тұлғаларға 10, лауазымды тұлғаларға 20, заңды тұлғаларға 30 АЕК көлемінде айыппұл қаралған.
Еске салсақ, үй жануарларын чиптеу Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурс министрінің 2022 жылғы 20 мамырдағы №169 «Үй жануарларын есепке алу қағидаларын және есепке алуға жататын үй жануарларының тізбесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес енгізілген.
Қосымша ақпарат үшін +7 (771) 397 8859, +7 (701) 339 6081, 87782088198 телефон нөмірлеріне хабарласуға болады.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
ӨКҚ жолдаған суреттер