Жилгородоктағы скейт-парк қалпына келтірілді: ұзақ уақыттан кейін самокат пен ролик тепкен балалардың шуына толып, екінші тынысы ашылғандай.
Еске салсақ, 2019 жылдың қазан айының басында Атырауда жаяу жүргіншілер көпірінің жанынан жеке кәсіпкер сыйға тартқан скейт-парктің барлық бөлшектері пайдаға аспай, құр сүлдері қалғанын жазған едік. Қала әкімдігі оның күзге дейін қайта қалпына келтірілетінін және күтіп ұстау үшін қалалық мәдениет бөлімінің қарауына берілетінін мәлімдеген еді.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ
Суреттерді түсірген автор