Түркіменстан президенті Ғұрбанғұлы Бердімұхамедов кеше бәйгеге қатысып, мәреге алғаш болып жетті. Осылайша ол бас жүлдеге тігілген 11 миллион АҚШ долларын еншілеп отыр, деп жазады Baq.kz.
Президентпен бірге аталған бәйгеге тағы алты шабандоз қатысты. Мемлекет басшысы өзінің Беркарар (құдіретті) есімді ақалтекесімен бақ сынап, қарсыластарын мәреге қарсыластарынан бұрын жетті. Оның уақыты 1 минут 21,2 секундты құраса, екінші келген шабандоз бұл қашықтықты 1 минут 21,9 секундта шауып өтті.
Осылайша, қанжығасына 11 миллион доллардың купонын байлаған Түркіменбасы жеңіп алған қаражатты түгелдей «Түркменатлары» деп аталатын мемлекеттік бірлестіктің есебіне аударатындығын жеткізді деп хабарлайда РИА Новости.
Айта кетейік, айтулы шара түркімендік арғымақтың құрметіне орайластырылып жыл сайын өткізіледі. Мерекені сәуір айының соңғы жексенбісіне орайластыру бұл елде дәстүрге айналған. Себебі, ел президенті ақалтеке жылқыларының үлкен жанкүйері. Оның «Ақалтеке жылқысы – біздің абырой мен мақтанышымыз» атты еңбегі әлемнің бірнеше тіліне аударылған.
Дереккөз: bnews.kz