Жылыой ауданы Құлсары қаласында жаяу жүргінші жолын көбейту көзделген. Жоба 2023-2024 жылдарға жасақталған, жұмыс құны 2 млрд 884 млн теңге құрады.
- Жаяу жүргінші жолының жалпы ұзындығы 32,8 км, олар қаланың 48 көшесіне салынады. Биыл облыстан 400 млн, ал аудандық бюджеттен 100 млн теңге бөлініп отыр, - дейді қала әкімі Қадыржан АДИНОВ.
Бұл жұмыстарды "Өмірзақ" ЖШС жеңіп алған. Мердігер компания бүгінде геодезиялық жұмыстарды жүргізіп жатыр. Жалпы жаяу жүргіншілер жолымен бірге кейбір көшеге велосипед жүргізушілеріне де жол салынып, жанына орындықтар да қойылатын болды.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
Әкімдік жолдаған суреттер