Атырау, 27 қараша 11:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Мақатта ескі үйлер жаңартылып жатыр

1 256 просмотра

Мақат ауданында көпқабатты үйлердің қасбетін жаңарту жұмысы қолға алынған.

Жалпы аудан бойынша 101 көпқабатты үй болса, оның 73-і Мақат кентінде, ал 28-і Доссорда орналасқан. Үйлердің басым бөлігі пайдалануға берілгеннен бері ешбір жөндеу жұмысын көрмеген. Адамдар тұрып жатқанына қарамастан, күтімсіз қалған үйлердің подьезд есіктері жоқ, дәліз терезелері шағылған.

ПИК, әдетте, уақыт өте төлемақылардың уақтылы жиналмауынан банкорт болып тынды. 

- Үйлер тозып ескірді, шатырдан жаңбыр суы кетіп, онсызда ілдалдамен тұрған үйлердің жағдайы қиындап кетті. Үйлердің ең болмаса сыртқы келбеті мен шатыры жөнделеді дегенде қуанышымызда шек болмады, - дейді тұрғындар.

Тұрғын үй инспекциясының ақпараты бойынша, өткен жылы Мақат кентіндегі 12 көп қабатты үй (С. Мұқашев 80/8, 80/7, 35 А, 18/2, 18/6; С. Бекжанов 13/А, 13/Б, 13/Г,13/Д; «Мұнайшы» газеті, 12/1, 12/3) шатыр ауыстыру және қасбеттерін жөндеуге конкурс ұйымдастырылған болатын. 2022-2023 жж арналған осы жұмыстарды "ГрадСтройСервис" ЖШС 1 млрд 22 млн теңгеге орындады. Бүгінде жұмыс қызу қолға алынған.

- Бұл үйлердің алды 1971 жылы салынған. 50 жылдан астам жөндеу жүрмеген. Жаңартылып жатқанына тұрғындар дән риза. Жалпы аудан бойынша көппәтерлі 30 үй жөндеуді қажет етіп тұр, - дейді аудандық тұрғын үй инспекциясының басшысы Жандарбек САРБАСОВ.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суреттерді түсірген автор

28 тамыз 2023, 23:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.