Исатай ауданында баспана тұрғызам дегендер үшін жер беру қарастырылған. Соңғы дерек бойынша, жалпы аудан бойынша жер кезегінде 830 адам тұр. Бұлардың ішінде алды 2012-2013 жылдары арыз бергендер.
- Бізде базада жерін алуға келмеген адамдар бар. Бірақ олар базаға енгеннен кейін тізімнен алып тастамаймыз. Біз сол жерлерді алып, баспана тұрғызыңдар деп үгіттеу жұмысын жүргізіп отырмыз, - дейді аудандық жер қатынастар бөлімі басшысы Ақжол ЕЛЕУБАЙҰЛЫ.
Оның айтуынша, аудан бойынша электр, газ, суы тартылған 649 га жер дайын тұр. Аққыстау ауылдық округінде 151, Томан елді мекенінде 58, Тұщықұдықта 192, Қамысқала округінде 133, Зинеденде 115 гектар жер дайын күйде.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
Суреттерді түсірген автор