Атырау, 29 қыркүйек 12:26
 ашықВ Атырау +18
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Атырауда сегіз спорт кешені салынады

1 257 просмотра

Әңгіме Индер ауданының Көктоғай ауылдық спорт кешені, Атырау қаласының Дамбы ауылында орналасқан көпфункционалды спорт залы, Ақсай ауылындағы көп салалы спорт алаңы, Химпоселок, Бірлік ауылдарындағы спорт кешендері, Қызылқоға ауданының Жасқайрат, Тасшағыл, Сағыз ауылдық спорт кешендерінің құрылысы туралы болып отыр.

- Миялы, Құрманғазы ауылдарында орналасқан орталық стадион, Мақат кентіндегі стадион мен 2 спорт кешені, жалпы бес нысан қайта жаңғыртылып жатыр. Облыс бойынша 48 спорт алаңы жөндеуден өткізіліп жатыр. Сонымен қатар, Құрманғазы ауданы Сүйіндік, Нұржау, Қызылқоға ауданы Қарабау, Қоныстану, Исатай ауданы Ерғалиев, Махамбет ауданы Таңдай ауылдарында, жалпы алты спорт кешенін салу жоспарланып, тендерлік рәсімдер жүргізілуде, - деді облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Дастанбек ҚОСПАНОВ. - Сонымен қатар, НКОК және ТШО компаниялары арқылы екі спорт нысанының құрылысын бастау жоспарланды.

Айта кетсек, биыл Исатай ауданының Тұщықұдық ауылында спорт кешені пайдалануға берілді. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

28 тамыз 2023, 18:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.