Атырау, 25 қараша 16:48
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Вахтадан оралған соң, маған кел

2 983 просмотра

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының басшысы Ләззат ҚИЫНОВ «Ембімұнайгаз» өндірістік филиалының айналасындағы жағдайға түсінік берді.

«АЖ»-ның алдыңғы нөмірлерінде хабарлағандай Мұнайға малынғандар» жарияланымын қараңыз), жанжалдың туындауына Ғаламторда жарияланған «Атыраудағы жаңаөзендік синдром. Неге «Ембімұнайгаз» Жаңаөзендегі қанды қырғыннан қорытынды шығармайды?» деген тақырыптағы анонимдік хат себепші болған еді. Онда комапанияның қазіргі басшыларын жемқорлық пен қаражаттарды миллиондап жымқырумен айыптайды.

Tengrinews.kz ақпарат агенттігі хабарлағандай, Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде болған брифингте Қиынов: «Мен бұл мәселе турасында жақсы білемін, алайда бұл жер әр сәтті талқыға салатын жер емес. Маған ол жерде сәйкесінше органдар жұмыс жасап жатыр деп айтты. Бұл мәселелердің барлығы зерделенетін болды. Менің тек бір айтқым келетіні, сол хатта мен оған («Ембімұнайгаздың» бас директоры Жұмабек ЖАМАУОВ – «АЖ»)қолдау көрсетеді деп жазылған екен. Оны бұл лауазымға мен келместен бірнеше жыл бұрын қойған, алайда менің өз ұстанымым бар: жұмыс жасайтын адам – егер заң бұзбаса, жұмыс жасауы керек. Ал егер бұзатын болса, өз орнын дұрыс жұмыс жасайтын адамға босатуы қажет», - деген екен.

««Ембімұнайгаз» басшылығымен бірнеше рет кездескенімізді айтқым келеді. Мен оларға өндірісте еңбек ететін адамдар - саған басшы ретінде игілік жасайтын жандар екенін ешқашан ұмытпау керектігін талай айтқанмын. Барлық мәселелерді шешу міндетті емес, алайда, егер заң мүмкіндік беріп тұрса, шешуге тырысу қажет, Өзенде (Жаңаөзенде) барлығы осыдан басталды ғой. Түсінбегендерге қатысты шаралар қабылдайтын боламыз, бұл туралы компания басшыларымен келістік», - дейді Қиынов.

Сонымен қатар, ұлттық компанияның басшысы анонимдік хаттан кейін «ҚазМұнайГаз» мұнайшылардың еңбек жағдайларын кері қарауға дайын екендігін хабарлады.

«Мен сол жерде болдым және сол адамдармен жеке кездестім. Бұл адамдар «нақты бір адамдар бәрін бүлдіріп жатыр деп айтпаймыз, біздің сіздермен талқыға салатын сұрақтарымыз бар, кездесейік дейміз», - дейді. Сол жерге ұшып барулары керек басшылар бармаған, олар қызметкерлердің пәтерлері мен үйлеріне вахтадан оралған соң, маған кел деп хабарламалар таратқан. Біз олармен басқа да мәселелер турасында да талқыладық. Біз ортақ мәмілеге келдік деп ойлаймын», - деді Қиынов.

Сонымен қатар, ҚМГ басшысы «Ембімұнайгаз» компаниясында шешілмеген мәселелер әлі де бар деп атап өтті.

«Зерделенуі тиіс жекеленген мәселелер де бар. Мысалы, қызметкерлердің айтуынша, бұрын олар 12 сағат бойынша жұмыс жасаған, қазір 11 сағат 30 минут қойып жүр, 30 минут түскі асқа кетеді деп түсіндіреді екен. Бұл мәселені зерттейтін боламыз. Өйткені мына бір сәтті есепке алуымыз керек: Адам вахталық тәртіппен жұмыс жасағанда, ол екі адам үшін жұмыс жасайды, себебі кез келген өндірісте адам санының нормативтері бар. Міне, егер жүйе вахта бойынша жұмыс жасайтын болса, тек екі адам ғана белгіленген болса, біреуі бір вахтада, екіншісі келесі вахтада оны ауыстыратын болады, сондықтан да біз бұл мәселені зерделеп жатырмыз, бұл мәселе бойынша шешім қабылдайтын боламыз», - деді ол.

Жеке ақпарат

29 сәуір 2013, 18:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.