Атырау, 27 қараша 12:43
 жаңбыр жаууы ықтималВ Атырау +4
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Александр Усик-Даниэль Дюбуа: "Атаман" бір жылдық үзілістен кейін қандай ойын көрсетеді екен?

708 просмотра

Александр Усик Энтони Джошуаны жеңгеннен бері бір жыл бойы рингке шықпады. Енді ол 26-тамызда Вроцлавтағы бокс кешінде британдық нокаутшы Даниэль Дюбуаға қарсы шайқас өткізетін болады. Алдағы шайқасқа қатысты Parimatch сарапшылары өз болжамымен бөлісті.

Александр Усик (20-0, 13 КО)

Украиндық спортшы әуесқой ретінде үлгі тұтуға тұрарлықтай мансапқа ие болды: 2008 жылы ол Еуропа чемпионатында, ал 2011 жылы әлем чемпионатында жеңісті қанжығасына байлай алған. Усиктің әуесқой мансабының ең жоғары нүктесі 2012 жылғы Олимпиаданың алтыны болды, содан кейін ол жартылай кәсіпқойларға ауысты. "Украиналық Атамандар" атты бокстың бүкіләлемдік сериясында өнер көрсеткен Александр 6 жекпе-жекте 6 жеңіске жетіп, 2013 жылы кәсіби рингке өтті.

 Алғашқы кәсіпқой титулды Усик 2016 жылы қанжығасына байлады: крузервейттегі WBO белбеуі үшін шайқасты ол Кшиштоф Гловацкидің шешімімен жеңді. Содан кейін Дүниежүзілік бокс суперсериясында жеңіске жетті, онда "Атаман" ауыр салмақтағы абсолютті чемпион болған. Белбеуді қорғауда Александр Тони Белльюді нокаутқа жіберді, содан кейін ол 2019 жылы ауыр салмақтағы шайқастарға көшті. Чезз Уизерспун мен Дерек Чисоруды жеңген Усик Энтони Джошуаға қарсы  шығып, одан WBA Super, IBF және WBO белбеулерін алды. Бір жылдан кейін олар реваншта кездесіп, украиндық спортшы жеңісті тағы да атап өтті, бірақ бұл жеңісті алу оған қиындық туғызды.

 Усик - ауыр салмақтағы техникасы жағынан ең мықтылардың бірі болып табылады. Одан мықты тек Тайсон Фьюри ғана болуы мүмкін. Жылдамдық, техника және жекпе-жектік IQ - мұның бәрі украиналық спортшыда жоғары деңгейде байқалады. Александрдың жалғыз кемшілігі - бұл ауыр салмақтағы спортшы үшін мықты соққысының жоқ болуы, бірақ оның жекпе-жек үлгісі оған бағыттылмаған.

 Даниэль Дюбуа (19-1, 18 КО)

Британдық күрескер бокспен 8 жасынан бастап айналыса бастады, ал  14 жасында Англияның жасөспірімдер мен жастар құрамаларына кірген. Ол Ұлыбританияның 2020 жылғы Олимпиададағы басты үміті болады деп болжанған, бірақ 2017 жылы Даниэль әуесқой боксты тастап, кәсіпқойларға көшті.

 Болашағы зор спортшы агрессивті түрде алға тартыла бастады: алғашқы 15 жекпе-жекте ол бірнеше жергілікті атақтарды жеңіп алды. Бірақ Дюбуа 10-раундта Джо Джонсқа нокаутпен жеңіліп, бірінші байсалды қарсыласында сүрінді. Сәтсіздік Даниэльдің сағын сындырмады: 2022 жылы ол ауыр салмақтағы WBA әлемдік титулын жеңіп алды, ал соңғы жекпе-жекте белбеуін Кевин Леренаны нокаутқа жіберіп қорғады.

 Дюбуа-классикалық боксшы-панчер. Жекпе-жекте ол физикалық күш пен нокаутқа жіберетін соққысына сүйенеді: британдық спортшы қарсыласын бір соққымен құлата алатын қабілетке ие. Бірақ оның төзімділігіне қатысты сұрақтар бар: Даниэль жекпе-жекті бесінші раундтан сирек асырады. Оның шайқас жүргізу техникасы да Фьюри мен Усиктікі сияқты көңіл көншітпейді.

 Parimatch аналитикасы мен коэффициенттері

 Усик бұл жекпе-жектің айқын фавориті болып көрінеді: оның Дюбуаға қарағанда техникасы мен тәжірибесі мол және жекпе-жектің мықты IQ деңгейіне ие. Бұл түйінмен Parimatch сарапшылары да келіседі: украиналық спортшының жеңіс коэффициенті 8.50-ге бағаланса, британдық спортшыға 1.13 коэффициенті ұсынылып отыр.

 Александр финишёр емес, ол қарсыластарын ұпай бойынша жеңуді жөн көреді. Сарапшылар бұл нәтижені 2.85-те бағалай отырып, жекпе-жек бүкіл қашықтықтан өтетініне сенімді. Бірақ Дюбуа жеңіске жету үшін нокаутқа мұқтаж екені анық, бірақ Parimatch мамандары жекпе-жектің айтылғандай нәтижесіне сенбейді және оның іске асу ықтималдығына  10.00 коэффициентін береді.

 Усик пен Дюбуа шайқасына ұтыс тігіп, Parimatch-пен бірге жарқын эмоцияларға бөленіңіз! Жаңа ойыншыларға арналған арнайы ұсыныс-шотты алғаш толықтырғаныңыз үшін 300% бонус. Алыңыз да, игілігіңізге жұмсаңыз!

25 тамыз 2023, 12:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.

Комментарий беру ажыратылған