Атырау, 27 қараша 12:34
 жаңбыр жаууы ықтималВ Атырау +4
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Бірі бәрі үшін, бәрі бірі үшін

1 248 просмотра

Бұл мектептің әрбір жұмыс күні барлық оқу орындарындағыдай тазалықшы мен мұғалімдердің келуімен басталады. Дегенмен, бір жайт бар: 1 қыркүйекте әдемі киінген ұстаздар қауымы үшінші сыныптың бір оқушысын ғана қарсы алады. Әдеттегідей, ол бірнеше жыл бойы өзінің сүйікті ұстаздарының әрқайсысына салтанатты түрде алты гүл шоғын сыйлайды. Биыл да мектепке жалғыз өзі келеді, өйткені ауылда мектепке баратын жастағы бірде-бір бала жоқ.

Бұл ерекше білім ошағы ең шалғай Сағыз ауданында, аудан орталығынан 128 шақырым жердегі Кенбай ауылында орналасқан. Шын мәнінде, бұл жердің жалғыз көрнекті орны - мектеп: кең, жақсы және ең тыныш жер.

1999 жылы Кенбайда 294 адам болса, ал 2009 жылы 167 адамға күрт азайған. Бүгінде 20 шақты үйде 100 адам тұрып жатыр. Бұл тұрғындардың бәрі малмен күнелтіп отыр. Олар үшін мектептің жабылуы кішкентай балаларының мектепке баратын уақыты келгенде үйлерін тастап, «адам көп шоғырланған» жерге көшуге тура келетінін білдіреді. Алты мұғалім үшін бұл жұмыссыз және табыссыз қалу.

- Кезінде көшудің салдарынан оқушы саны күрт кеміді. Көпшілігі мектеп-интернаты бар Сағыз және Мұқыр ауылдарына көшті, - дейді аудан әкімінің орынбасары Жарас ЕСЕНҒАЛИЕВ. - Қалай ойлайсыз, алдағы жылдары тағы бірнеше бала келсе де, бұл мектепті бір оқушы үшін қалдырған дұрыс па?

Комментарий алу үшін облыстық білім басқармасының баспасөз қызметкері Эльмира ТҰҢҒАТАРОВАҒА жүгіндік. Бұдан үш жыл бұрын 30 млн теңгеге жөнделген мектеп жабылудың аз-ақ алдында тұр. Ол бізге оның тағдыры тамыз мәслихатынан кейін шешілетінін жеткізді.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

25 тамыз 2023, 12:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.