Атырау, 27 қараша 12:51
 жаңбыр жаууы ықтималВ Атырау +4
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Шымкенттен қашу: құрманғазылықты алдаған «банкир» әуежайда қамауға алынды

914 просмотра

Тәжікстан азаматы өзін Ұлттық банк қызметкерімін деп таныстырып, Құрманғазы ауданының тұрғынынан 6 миллион 300 мың теңгені иемденіп алған.

1988 жылғы шетелдік азамат Алматыда болған кезде ұялы телефонына қоңырау шалып, алаяқтық әрекетке барған. 1993 жылғы азамат біраз уақыттан кейін алданғанын түсініп, полицияға жүгінген.

Тергеу барысында күдіктіге «Бүркіт» арнайы жүйесінде Қазақстан Республикасының шекарасынан шығып, кіруге шектеулер қойылып, нәтижесінде полиция қызметкерлерімен Шымкент қаласының әуежайында ұсталған. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. 

Айтпақшы, әрең үлгерген – алаяқты Шымкент әуежайындағы тіркеу кезінде ұстап алды. Белгілі болғандай, оның деректері арнайы «Бүркіт» жүйесіне енгізіліп, отырғызу талонын алу кезінде оған Қазақстаннан тыс жерлерге шығуға тыйым салынғаны белгілі болды.

Қазіргі кезде күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

24 тамыз 2023, 18:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.