Атырау, 27 желтоқсан 16:01
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -4
$ 504.60
€ 594.27
₽ 6.48

2013 жылы Қашағанда 1,5-тен 3 млн тоннаға дейін мұнай өндіру жоспарлануда

2 700 рет қаралды

АСТАНА, 29  сәу –Қазақстан жаңалықтары АА.  Каспий шельфінің Қашаған кен орнында 2013 жылы  3 миллион тонна мұнай өндіру жоспарлануда, деп мәлімдеді дүйсенбіде Астанада брифингте «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы  Ләззат Қиынов.

«Біз биыл 1,5-тен  3 миллион  тоннаға дейін мұнай өндіруді жоспарлаудамыз. Бүгінгі таңда әлемдік нарыққа осы көлемді тасымалдауға инфрақұрылым бар, біз ешқандай мәселе көріп тұрған жоқпыз», - деді  Қиынов.

Оның айтуынша, компания бұдан әрі өндіру көлемін арттыруға дайындалуда. «Біз қазір КҚК (Каспий құбыр консорциумы) жүйесін кеңейтудеміз, оның өткізу мүмкіндігі бүгінгі таңда 30-32 миллион  тоннаны құрайды, кеңейтуден кейін бізде 67 миллион  тоннаны тартып алуға мүмкіндік болады, оның жартысынан көбі Қазақстаның үлесінде болады», - деп жалғастырды ҚМГ басшысы.

Дереккөз: newskaz.kz

29 сәуір 2013, 14:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.