Атырау, 4 маусым 05:48
 дождьВ Атырау +14.3
$ 489.31
€ 568.33
₽ 6.63

Алматылық ауыр атлетшілердің аға бапкері Ташкентте қонақүйде өлі күйінде табылды

2 686 рет қаралды

АСТАНА, 29  сәу –Қазақстан жаңалықтары АА.  Ауыр атлетикадан аға бапкер Данияр Өтешев өзінің қонақүй бөлмесінде өзі-өзіне қол салу белгілерімен өлі табылды хабарлады Қазақстан жаңалықтары  АА-ға Қазақстан СІМ ресми өкілі Жанболат Үсенов.

 «Жексенбі, 28 сәуір күні ауыр атлетикадан аға бапкер Данияр Өтешев өзінің қонақүй бөлмесінде өзі-өзіне қол салу белгілерімен өлі табылды.Оқиға орнына жеткен Қазақстанның Өзбекстандағы Елшілігі қызметкерлерінен белгілі болғандай, жаттықтырушы 10 адам көлеміндегі спортшылар тобымен екі апталық оқу-жаттығу жиындарын өткізу үшін 22 сәуір күні Өзбекстан астанасына келген»,-деп мәлімдеді Үсенов агенттік тілшісіне.

Оның айтуынша,  қазіргі уақытта Ташкент қаласының прокуратурасынан тергеу тобы және сот-медициналық сарапшылар тобы жұмыс істеп жатыр.

«Алдын ала болжам бойынша, бұл өз-өзіне қол салу,  тергеу шаралары және  сараптамалар жүргізіледі",-деп қосты СІМ өкілі.

Дереккөз: newskaz.kz

29 сәуір 2013, 14:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.