Құлсары қаласының Барлаушы, Жадырасын, Шұғыла, Аэропорт ықшамаудандары мен
№7, 9 және Мешіт ауылдарына 11 балалар ойын алаңы салынады, - деп хабарлайды
Жылыой ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
Құрылыс жұмыстарын жасайтын мердігер мекеме - «Умирзак» ЖШС.
- Балалар алаңын салу жұмыстары енді басталады, қазіргі таңда құжаттар рәсімделуде. Кестеге сәйкес, мердігер мекеме жұмыстарды 12 ай ішінде аяқтауы тиіс, - деді Құлсары қаласы әкімі аппаратының бас маманы Жанғазы ЕРКІНОВ.
Бұл алаңның бір ерекшелігі – мұнда ойын алаңынан бөлек, спорт алаңы, баскетбол, футбол алаңдары және демалуға арналған беседкалар мен автотұрақ қарастырылған.
Дайындаған
Ләззат ҚАРАЖАНОВА