Алайда Қазақстанда көрсетілген «Намыс додада» қазақтар жеңімпаз атанғаны белгілі. Бұл оқиға желтоқсанда болғанымен көпшілік оған жақында назар аударған.
Яғни, біз көрген нұсқада қазақтар жарыс соңында шоу жүргізуішісінің қолынан кубокты алып, жеңімпаз атанған болатын. Егер уикипедияның орыстілді нұсқасына көз салсақ, Қазақстанның жеңіске жеткенін көрсетеді.
Алайда «Бірінші арна» таблода есептің тең болғаны көрсетіліп барып, одан соң ресейліктер жеңіске қуанып жатқаны берілгендіктен көрермендер Ресейлік «құрама жеңіске жетті» деп ой түйген.
«Намыс дода» сайысы 1962 жылы Франция президенті Шарль де Голль бастамасымен қолға алынған спорттық – сауық бағдарламасы.
Дереккөз: bnews.kz