Фото: © РИА НовостиАлматының «Қайраты» финалда мәскеулік «Динамоны» 4:3 есебімен ұтып, алғаш рет футзалдан УЕФА Кубогының иегері атанды, деп хабарлады Қазақстанның Футбол федерациясы.
Есепті Алешандре Мораэс соққан голмен алматылық клуб ашты. Бірінші таймның соңында Сергей Сергеев есепті теңестірді — 1:1. Содан кейін Лео Сантана алматылықтарды қайта алға шығарса, Фумаса есепті еселей түсті. «Диноманың» қақпасына төртінші голды қақпашы Игита соқты. Ойынның соңында Сирило мен Тату есеп айырмасын қысқартқанмен,біздің команда жеңісті қолдан бермеді.
«Динамо» — «Қайрат» 3:4 (1:1)
Голдар: Попов автогол 11 (0:1), Сергеев 19 (1:1), Лео Сантана 23 (1:2), Фумаса 29 (1:3), Игита 33 (1:4), Сирило 36 (2:4), Тату 37 (3:4).
Үшінші орынды испандық «Барселона» иеленсе, Грузияның «Иберия Стар» командасы төртінші орынды қанағат тұтты.