Осыдан бір айдай уақыт бұрын Атырау қалалық қаржы бөлімі Исатай мен Махамбет алаңы және Жайықтың қайта жаңартудан өткен оң жағалауы енді кәсіпкерлік қызмет көрсетіп жүрген тұлғаларға заңдастырылып берілетіні туарлы мәлімдеген еді. Кәсібін заңдастыру нәтижесінде электрокарлардың, батуттардың және ойыншықтардың иелері өз қызметін заңдастыру нәтижесінде енді өз тауарлары мен қызметтерінің қауіпсіздігіне – ережеге сәйкес жауапты болуы тиіс.
Әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, жақында қала әкімі Шәкір КЕЙКИН кәсіпкерлермен және депутаттармен, қоғамдық кеңес мүшелерімен бірлескен жиын өткізіп, осы мәселені талқылаған.
- Біз оларды Нұрсая ықшамауданындағы Салтанат сарайының алдына көшіру туралы шешімге келдік. Қазіргі кезде ол жерде кәсіпкерлердің орындары, электрмен қамту жүйелері дайындалуда. Қыркүйектің басында Салтанат сарайының алдына көшетін болады, - деді әкімдік баспасөз қызметі.
Сондай ақ әкімдіктің мәліметінше, қазіргі кезде кәсіпкерлерге сататын ойыншықтарын, тамақтарын, жалға беретін құралдарын заңдастыру бойынша құжат жинақтауға әкімдік тарапынан кеңес берілуде. Әкімдік олар үшін алаңдарды жалға беру тегін болады деп ұйғарды.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ
Суреттерді түсірген автор