Атырау, 27 қараша 12:53
 жаңбыр жаууы ықтималВ Атырау +4
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Жол бар, ал дренаж қайда?

1 233 просмотра

Атыраудағы негізгі жолдар көлік қозғалысы үшін ашылды. Бәрі жақсы ау, дегенмен, көктемгі-күзгі маусымдарда жауын-шашынның ұзаққа созылатынын ескерсек, дренаж жүйесінің жоқтығы қала тұрғындары арасында «су қайда кетеді?» деген орынды сұрақ тудырды.

Бауыржан, жүргізуші: 

-  Атырау қаласында қазір құрылысы жүріп жатқан Ә.Молдағұлова, С.Датов көшесі жолдарының жиегінде неліктен дренаж салынбай жатыр? Ертең бұл судың бәрі жаңбыр жауып, күн суығанда мұзға айналады. Мәселен, Әуезов көшесінің жолы жаяу адам жүретін тротуардан төмен орналасқан. Сол себепті  жаңбыр жауған кезде сырттағы судың бәрі асфальқа жиналып, жол белгісін көрсетпей қалатын кездер болып жүр. Ылғалдың шұңқырлар мен асфальттың жалпы тозуына тез әкелетінін жол төсеушілерге айтудың қажеті жоқ шығар. Бір жылдан кейін қайта жөндей ме? Мүмкін компания барлық суды сорып алатын вакуумдарға үміттенетін шығар? Олар жолдың қақ ортасына тұрып, жүргізушілерге кептеліс жасайды... Су жолда жиналып қалмай, ағып кететін нәрсе ойлап табуға болмай ма?

Біз бұл сұрақты қала әкіміне жолдадық. Баспасөз қызметінің мәліметінше, жаңадан салынып жатқан жолдардың астыңғы қабаты 30 см дейін көтерілген (Барлық жерде емес. Мысалы, Маслопром ауданындағы Азаттық даңғылында жол тротуармен бірдей деңгейде – авт.)... Ал дренаж тастау мәселесі жолды кеңейтуге байланысты және жол іргесінде бірнеше жылдан бері өсіп тұрған теректердің кесел келтіретінімен байланыстырды.

 - ...Тұрғындар ықшамауданындағы С.Мұқанов көшесі бойына мердігер мекемемен келісіп, су жинап тұратын лоток салуды қарастырып жатырмыз. Әуезов көшесі кеңейтілгенде, дренаж салуға артық жер болмады. Ал лоток салу үшін ені кемінде 80 см орын болу керек, - деп хабарлады әкімдік.

Айтпақшы, баспасөз қызметі ағаштары жоқ, шамалы орны бар жерлерде әлі де дренаж жұмыстары жүргізілетінін айтты. Әрине, бұл қызық көрінді, өйткені маған мұндай жұмыстарды жол құрылысымен қатар жүргізу керек сияқты көрінетін.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суреттерді түсірген автор 

22 тамыз 2023, 22:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.