Атырау, 23 қараша 08:16
 ашықВ Атырау +5
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Италияда жаңа үкімет жасақталды

1 611 просмотра
Бірнеше кеңесуден кейін премьер-министрдің мандатын ресми түрде қабылдаған Италия Демократиялық партиясының вице-хатшысы Энрико Летта Италияның жаңа үкіметін жасақтады.

Э.Леттаның үкіметінің құрамына 21 министр енді. Вице-премьер және Ішкі істер министрлігінің басшысы «Бостандық халқы» партиясының хатшысы Анджелино Альфано болды. Экономика министрі болып танымал экономист, Италия Орталық банкінің бас директоры Фабрицио Саккоманни тағайындалды. Сыртқы істер министрі лауазымы бұрыңғы еурокомиссар Эмма Бониноға бұйырды. Қорғаныс министрлігінің басшысы болып 2004-2009 жылдар аралығында Еуропарламент төрағасының орынбасары лауазымын атқарған  Марио Мауро тағайындалды.
Жексенбі, 28 сәуір күні президенттік Квиринал сарайында үкіметтің жаңа мүшелері Италия президентінің алдында ант қабылдайды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

28 сәуір 2013, 11:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.