Атырау, 11 желтоқсан 21:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 508.05
€ 534.82
₽ 5.06

Мая Манеза қазақы салтпен ұзатылды

2 410 просмотра
Ауыр атлетикадан Лондон олимпиадасының чемпионы Мая Манеза тұрмысқа шықты. Оның жары - ауыр атлет, Азия ойындарының чемпионы Вячеслав Ершов.

Бұл туралы «Аламан» ұлттық спорт порталынан хабарлады.

Ұзату тойы Мая Манеза оқитын Қазақ ұлттық қыздар университетінде болды. Рәсім қазақы салт дәстүрге сай өтті. Күйеу жігіттің алдына арқан тартылып, оны шашумен қарсы алды. Ал Мая Манезаға қазақы ұлттық киім, сәукеле кигізіпті ұйымдастырушылар. Манезаның ұстаздары шашу шашып, ақсақалдар ақ батасын берді. Маяның құрбылары сыңсу айтып, оны күйеу жігіт екеуін ақ матаның үстімен шығарып салды.

«Мая екеуміз бес жылдан бері таныспыз. Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасында оқу жаттығу кезінде таныстық. Кейін бірге жаттығып жүріп, бір-бірімізді ұнатып қалғанымызды түсіндік. Жақында Маяға отбасын құруға ұсыныс жасадым. Ол қарсы болған жоқ. Үйлену тойымызды дүркіретіп жасамаймыз. Осы шараның өзі біз үшін қуаныш. Алдағы уақытта екеуміз Манезаға мемлекет берген пәтерде тұрамыз», - деді күйеу жігіт Вячеслав Ершов.

«Мен бұл күнді көп күттім. Вячеслав менің өмірдегі ең жақын адамым. Қазір екеуміз бірге жаттығу жұмыстарын жүргіземіз. Енді отбасымды асырап, ана болуым керек. Бірақ ауыр атлетикамен әлі де айналысамын. Бастысы, ең жақын адамым жанымда, - деп жымиды олимпиада чемпионы Мая Манеза.

Дереккөз: ҚазАқпарат

28 сәуір 2013, 11:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.