Атырау, 23 қараша 16:13
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ресей әскері Украинаға дрондармен шабуыл жасады. Украина билігі 15 дрон атып түсірілгенін хабарлады

366 просмотра


9 тамызға қараған түні Ресей армиясы Украинаға камикадзе дрондарымен шабуыл жасады. Украина қарулы күштері "Шахед-136/131" дрондарының 15-ін атып түсіргенін хабарлады. Жалпы олардың саны 17 болған.

Украина армиясының мәліметінше, Ресей дрондарды Курск облысынан ұшырған. Украинаның солтүстік, орталық және батыс аудандарында әуе қорғаныс жүйесі іске қосылған, деп хабарлайды Азаттық Радиосы.

Өткен тәулікте бұған қоса, алты барлау дроны және бір "Ланцет" дроны атып түсірілген.

Хмельницкий облысында түнгі шабуылдың салдарынан 30 үй бүлінген, екі әйел жараланған, деп хабарлады облыс әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Сергей Тюрин.

Житомир облысында бір дрон "инфрақұрылым нысандарының біріне" шабуыл жасаған. Облыс әкімшілігінің жетекшісі Виталий Бунечконың айтуынша, дрон атып түсірілгенмен бөлшектер құлаған орыннан өрт шыққан. Өрт сөндірушілер өртті сөндірген. Оқиғадан ешкім зардап шекпеген.

21 тамыз 2023, 10:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.